ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті мен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК сәуірдің 24-25 аралығында «Техникалық реттеу және метрология саласында біліктілікті жоғарылату» атты тақырыпқа 2 күндік оқыту семинарын жүргізді, бұл семинарға «Мемсараптама» РМК-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының өндірістік бөлімінің бастығы Л.В.Радченко қатысты
Семинарда келесі мәселелер қозғалды:
• Техникалық реттеу саласында нормативті-құқықтық база;
• Өздігінен реттеу құралдарын пайдалану арқылы сапа және қауіпсіздікті реттеу мен қамтамасыз ету жөнінде халықаралық тәжірибе;
• Кеден одағы аумағында өнімдердің айналуы;
• Өндірілетін өнімге қатысты қауіптерді бағалау жүйесін қолданудың халықаралық тәжірибесін қолданумен мемлекеттік бақылау туралы заңнаманы жетілдіру;
• Сертификаттау және сынау зертхана органдарын аккредиттеу.
Семинар аяқталған соң барлық қатысушыларға сертификаттар мен тұсаукесер материалдары тапсырылды.