Біліктілікті жоғарылату жоспары аясында «Мемсараптама» РМК-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының сараптамалық құжатайналымы секторының жетекші маманы, БМЖ жөнінде жауапты А.К. Жанботина «ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттарының талаптары негізінде БМЖ ішкі аудиторларын әзірлеу» атты тақырыбы бойынша 2013 жылғы сәуірдің 15-нен 18-не дейінгі аралықта Астана қаласында болған семинарға қатысты. Семинарға «Мемсараптама» РМК филиалдарының БМЖ жөнінде жауапты мамандары қатысты.
Семинарды «Қазақстандық сапа ұйымы» ЖШС-нің бас кеңесшісі Б.О. Ескендірова жүргізді.
Семинар барысында қатысушылар «ISO 9001:2008 сапа, ISO 14001:2004 экологиялық менеджмент және ОНSАS 18001:2007 еңбекті қорғау салаларында халықаралық стандарттар талаптары негізінде БМЖ-нің ішкі аудиті» бағдарламасы бойынша дайындықтан өтті. Теориялық емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін қатысушылар сертификатты растаумен «Біріккен менеджмент жүйесінің ішкі аудиторы (ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007)» ретінде аттестатталды.