Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Алматы облысының құрылыс объектілерін жобалаудағы кейбір кемшіліктер туралы» семинар бойынша ақпарат.

2012-12-24
«Алматы облысының құрылыс объектілерін жобалаудағы кейбір кемшіліктер туралы» семинар бойынша ақпарат.
«Алматы облысының құрылыс объектілерін жобалаудағы кейбір кемшіліктер туралы» семинар бойынша ақпарат.
«Алматы облысының құрылыс объектілерін жобалаудағы кейбір кемшіліктер туралы» семинар бойынша ақпарат.
Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ісі жөніндегі Агенттік тапсырмасы негізінде жобаларда қазақстандық үлестің мөлшерін қалыптастыру және жобалау-сметалық құжаттарды тексеру процессін жетілдіру негізінде «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы және «Алматы облысы бойынша МСҚБжЛД» ММ 2012 жылы 21 желтоқсанда «Құрылыс объектілерін жобалаудағы кейбір кемшіліктер туралы» бірлескен семинар өткізді. Семинар барысында жобалау-сметалық құжаттарды өңдеуді ары қарай жетілдіру мәселелері қаралды және төмендегі компаниялар өнімдерінің презентациясы болды: 1. «KARLSKRONA LC AB» ЖШС (қазандық жабдықтары, сорғы жабдықтары). 2. «Данфосс» ЖШС (жылу жүйелері, желдеткіш және кондиционерлеу). Семинарға өңірдегі жобалау ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Семинардың негізгі мақсаты - даулы мәселелерді табу, ортақ амалдарды анықтау және Алматы облысындағы құрылыстың сапасы мен құрылыс объектілерінің жобалау-сметалық құжаттарының сапасын арттыруда алқалы шешімдер қабылдау. Таяу болашақтағы негізгі тапсырма - жобалық өнім тұтынушысына сараптама процессін максималды жақындату. Осы заманғы құрылыс - бұл бизнес, оның нәтижелілігі құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалаудағы шапшаңдық және сапа үйлесімділігіне байланысты. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар тарапынан бір жағынан тапсырыс беруші мен жобалаушылар арасында және екінші жағынан аумақтық сараптама органы арасында жүйелі түрде іс-шаралардың өткізілуі жөнінде ұсыныс білдірді.