Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалында өткен техникалық кеңес жөнінде ақпарат

2012-11-26
«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалында өткен техникалық кеңес жөнінде ақпарат
Ағымдағы жылдың 26 қарашасында «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалында филиал қызметкерлері қатысуымен техникалық кеңес отырысы өтті. Кеңесте күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қарастырылды: 1. «Құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптаманы сараптамалық сүйемелдеу тәртібімен жүргізу Ережелерін бекіту туралы» ҚР Құрылыс және ТҮШ істері Агенттігінің 2012 жылғы 23 шілдедегі №356 Бұйрығын орындау; 2. Мемлекеттік сараптама әзірлеу сапасын көтеру мен қаржыландыру көздеріне тәуелсіз, құрылысқа арналған жоба алды (ТЭН) және жобалық (ЖС) құжаттамасына сараптама жүргізу барысында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы әрекеттегі ҚР заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын қатаң сақтау. 3. «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының өндірістік қызметі бойынша. Талқыланған мәселелер бойынша сөз сөйлегендер: Лекеров С.О., Қандығұлов Қ.Қ., Көздібаева С.Р., Табылдин Т.Ж. және басқа кәсіпорын қызметкерлері. Кеңес нәтижелері бойынша «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының жауапты қызметкерлеріне тапсырылды: 1. Тұрақты бақылауды жүзеге асыру: - Мемлекеттік сараптама жүргізу тәртібі мен әзірлеу сапасына; - Сараптамаға ұсынған жоба материалдарының комплектісіне қарай, құрамының мемлекеттік нормативтермен орнатылған талаптарының сәйкестігіне; - Сарапшылардың шарт міндеттемелеріне сәйкес сараптама жүргізу мерзімдерін сақтауды; 2. «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы сайтының жаңалықтар бағанасын, тарауларын жаңартып, қажетті түзетулер енгізіп отыру.