Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жобалау сапасын арттыру бойынша кеңес жөніндегі ақпарат

2012-11-20
ҚР Құрылыс және ТҮШ істері Агенттігінің тапсырмасын орындау үшін, «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментімен бірге а.ж. 20 қарашада «Жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманы дайындау, келісу, бекіту және жасау және жобалау сапасын арттыру барысында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ҚР күші бар заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын қатаң сақтау» күн тәртібімен техникалық кеңес өткізді. Кеңеске қатысқандар: 1. «Мемсараптама» Ақтөбе облысы бойынша филиалынан: директор – Лекеров С.О.; директордың орынбасары – Қандығұлов Қ.Қ.; ӨБ-ң басшысы – Табылдин Т.Ж.; сарапшы – Айжарықова Г.М. 2. Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінен: директор – Пірімбетов Б.А.; директордың орынбасары – Тұрмағанбетов С.Қ., бөлім басшылары – Трантин Т.Б., Сопрун О.А., Куанышев Т.М. Сонымен қатар, жобалық мекемелерінің басшылары шақырылған болатын. Кеңесте сөз сөйлегендер: сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ҚР күші бар заңнамасы мен басқа да нормативтік актілерінің талаптарын сақтау қажеттілігі жөнінде Пірімбетов Б.А., Лекеров С.О.; рұқсат құжаттарын азайту және мемлекеттік органдарының бақылау және қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнама актілеріне ескертулер мен толықтырулар енгізу жайында Тұрмағанбетов С.Қ.; мемлекеттік сараптамаға құжаттарды ұсыну барысында жиі кездесетін бұзушылықтар мен ақаулықтар туралы Қандығұлов Қ.Қ.; жобалық мекемелер басшылары. Кеңес қатысушыларын тыңдап, пікір алмасудан кейін, шешілгені: Жобалық мекемелерге: - Алдағы кезде бұзушылыққа жол бермеу мақсатында, мемлекеттік сараптамаға құжаттама ұсынарда сәйкес ақаулықтар мен жетіспеушіліктерді назарларына алу; - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ҚР күші бар заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларына уақытында көңіл бөлу; - Жобалау сапасын арттыру бойынша шаралар қолдану.