Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Санкт - Петербург қаласында «Шаруашылық – тұрмыстық және жер үстіндегі сарқынды суларды тазарту құрылыстарын жобалау, салу, қайта жаңарту» тақырыбына семинар өтті

2012-10-05
Санкт - Петербург қаласында «Шаруашылық – тұрмыстық және жер үстіндегі сарқынды суларды тазарту құрылыстарын жобалау, салу, қайта жаңарту» тақырыбына семинар өтті

2012 жылғы 24-нен 28 қыркүйек арасында Санкт-Петербург қаласында «Прогресс» Ресей ғылыми-техникалық ақпарат орталығының ұйымдастыруымен «Шаруашылық – тұрмыстық және жоғарғы сарқынды суларды тазарту құрылыстарын жобалау, салу, қайта жаңарту» тақырыбына өткен семинарға «Мемсараптама» РМК маман-сарапшылары қатысты. Осы семинар өткізудегі негізгі мақсат мамандардың біліктілігін көтеру, тәжірибе алмасу және тікелей іскерлік қарым-қатынас орнату.
Семинарда келесі тақырыптар қаралды:
канализациялық тазарту құрылыстары жұмысын бағалау;
биогендерді биологиялық жою процесінде өлшеу жабдығы;
«тік араластырғыш» таңда және сәтті пайдаланудың технологиялық тәсілдері;
абоненттер туралы шоттарды қалыптастыру және мәліметтерді басқару;
су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы қазіргі заманғы нормативтік база;
КТС қызмет көрсетуді компьютерлік басқару;
шөгінділерді сусыздандырудың балама технологиясы;
технологиялық процесс басқарудың автоматтық жүйесі;
сарқынды суды тазарту жүйесіндегі логистика және материалдарды басқару;
Санкт-Петербург қаласындағы КТС-дағы аэрацияның тиімділігін ұлғайту;
өнеркәсіп ағындыларын тазарту үшін схемалар және құрылыстар. Жоғарғы ағынды бұру және тазарту жүйесінің есебі. Реттелетін резервуарлардың схемасы және конструкция;
нөсерлі ағынды тазарту құрылыстары қолда бар блокты-модульді нарығына шолу. Олардың жетістіктері мен кемшіліктері. Нөсерлі ағынды есептеу торабтары.
Осы семинар шеңберінде Санкт-Петербург қаласындағы канализациялық тазарту құрылыстарына техникалық экскурсия ұйымдастырылды. Оқу аяқталған соң маман-сарапшылар мемлекеттік үлгідегі қысқамерзімді біліктілікті көтеру туралы куәлік берілді.