Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру

2011-11-07
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру
«Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Жоспарына сәйкес, 2011 жылғы қараша айының 3-4 жұлдыздарында Астана қаласында «Ақтөбемемсараптама» ЕМК бас маманы Нұрғалиев Е.М. қатысқан құқық және кадр мәселелері бойынша кезекті республикалық семинар-кеңесі өтті. Семинар басында «Мемсараптама» РМК Бас директоры Ережепов Б. мемлекеттік сараптама жобалары жүйесі құрамындағы құқық және кадрлық жұмысын дамытудың негізгі бағыттарымен таныстырды. Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің құқықтық жағынан қамтамасыз ету тетіктері туралы «Мемсараптама» РМК құқықтық жағынан қамтамасыз ету және кадр жұмысы бөлімі басшысы Идрисова З. және бас маман Омарова А. сөз еткен. Кадрлық іс-қағаздарды жүргізу жайында мәліметпен кадр жұмысы бойынша бас маман Кушекбаева Г. сөйледі. Семинардың негізгі тақырыптары белгіленді: 1) Алдағы мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекеттік қатысы бар мекемелердің қызметі бөлігіндегі монополияға қарсы заңнаманы, сонымен қатар «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңды түсіндіру; 2) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін қолдану тәжірибесі. Семинарды өткізу үшін Экономикалық даму және сауда Министрлігі мемлекеттік активтерді басқару политикасы Департаменті директорының орынбасары Д.Әділхан, мемлекеттік ауданаралық мүлік және жекешелендіру департаментінің заңды тұлғалармен жұмыс жасау бойынша бөлім басшысы С.Сәрсекова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігін бақылау және әлеуметтік қорғау бойынша Комитетінің бас мемлекеттік инспекторы Б. Жұмағұлов шақырылған болатын.