Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Құжат айналымы және мұрағат ісі бойынша республикалық семинар

2012-06-04
2012 жылғы 30-31 мамыр аралығында Бас кәсіпорнында құжат айналымы және мұрағат ісі бойынша республикалық семинар өткізілді. Семинарға «Мемсараптама» РМК барлық филиалдары мен еншілес кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Оларға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Н.Т. Туленбергенова және Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының сарапшысы - Ж.А.Болташев лекция оқыды. Семинардың негізгі мақсаты: 1. Іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізу және ресми хат. 2. Кәсіпорында мұрағаттық істі жүргізу. Мемлекеттік кәсіпорын қызметінде құжаттық қызмет пен мұрағаттық іс жүргізудің маңыздылығы жөнінде «Мемсараптама» РМК жалпы бөлімінің бастығы Б.Б.Сексенбиева баяндады. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Н.Т. Туленбергенова өзінің баяндамасында мемлекеттік тілде іс жүргізудің негізгі принциптеріне және мекеме қызметінде оларды қолдануына, сонымен қатар ресми хаттарды дайындау барысында қажетті ептілікке ие болу керектігіне ерекше тоқталып өтті. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының сарапшысы Ж.А.Болташев негізінен кәсіпорында мұрағат ісін жүргізу барысында кездесетін кейбір ерекшеліктерге назар салып өтті. Құжат жүргізу барысында жиі кездесетін қателерге талдау жасалды, іс жүзінде көрсетілді. «Көкшетаумемсараптама» ЕМК-ден маман - Горбань Я.И. қатысты.