Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Инженерлік желілер мен жүйелер» республикалық семинары

2012-07-03
2012 жылдың 20-23 маусым аралығында бекітілген ««Мемсараптама» РМК мамандарының біліктілігін арттыру жоспарына» сәйкес Алматы қаласында кәсіпорын аумақтық бөлімшелерінің инженерлік желілер мен жүйелері бойынша сарапшыларына арналған республикалық семинар өтті. Бұл семинарға Асылбеков Ж. және Леонтьева Н.П. мамандарымыз қатысты. Семинарда қаралған негізгі тақырыптар: - 2012 жылдың 31 мамырындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары өткізген мәжілістің хаттамасына сай жобалау құжаттамасында қазақстандық өндірушілердің инженерлік және технологиялық жабдықтары, құрылыс материалдары мен бұйымдарын қолдануына бақылау жүргізу; - Энерготиімділік пен энергосақтық. Семинардың бағдарламасына сай инженерлік қамту саласында жаңа технологиялар мен жабдықтардың тұсаукесері болды. Мұнда қазақстандық және шетелдік өндірушілердің жабдықтары мен материалдарын алға тартты: қазандық жабдықтары мен блок-модульді қазандықтарды "Буран Бойлер" ЖШС, "Виссманн" ООО (Германия) – қазандық жабдықтарын, "КазГеоСинтетика" ЖШС – гидротехникалық құрылымдарда, резервуарларда, тұндырғыштарда гидроажыратқыш материал ретінде қолдану үшін синтетикалық материалдарды, "Сигметекс" ЖШС (бірлескен Қазақстан-Британ кәсіпорны) – қазақстандық жинақтағы резеңкеленген сынасы бар мықтылығы жоғары шойын ысырмаларды. "Нурсу Плюс" ЖШС ашық және жер асты көздерінен суды тазарту жөніндегі технология бойынша, суды тазарту бойынша жабдықты қолдану. Сонымен қатар семинарда "КАТЭК" ЖШС – газбен қамтамасыз ету жүйелерін жобалау мәселелерін сөз етті. «Мемсараптама» РМК мамандары ұсынылған ұсыныстар бойынша талқылауға белсене қатысып, жабдықтардың берілген сипаттамасын, қазақстандық мазмұнын анықтады. Семинар барысында "Буран Бойлер" ЖШС зауыты және "Виссманн" ООО жұмыс жасап жатқан қазандықтарына бару ұйымдастырылды. Семинардың қорытындысы бойынша төмендегідей шешім қабылданды: - отандық өнім болған жағдайда шетелдік құрылыс материалдары мен жабдықтарын, конструкциялар мен арматураларын негізсіз қолдануға мүмкіндік бермеу, ал егер импорт алмасып жатса, ол мәселені сараптамалық қорытындыда міндетті түрде атап өту керек. - жобалау құжаттамаларды қарау барысында энерготиімділігі мен энергосақтауын есепке ала отырып, жобаларда қолданған инженерлік-техникалық шешімдердің басымдылығын ескеру қажет.