Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

"АККЕ" конструкциясы мониторингінің жүйесі» семинары

2012-04-27

2012 жылдың 23 сәуірінде Астана қаласында "АККЕ" конструкциясы мониторингінің жүйесі бойынша семинар өткізілді. Семинарға «Мемсараптама» РМК өкілдері қатысты - Бас директордың бірінші орынбасары Жумадильдин Канат Канашевич, сондай-ақ барлық еншілес кәсіпорындар мен филиалдардың өкілдері.
Семинардың бірінші бөлігінде "АККЕ" мониторингінің автоматтандырылған жүйесі жөнінде ақпарат берілді. Жүйе бағдарлама-техникалық құралдар базасында құрастырылған және құрылыс конструкциялары мен бүкіл ғимараттың жағдайына, әлеуметтік-қауіпті нысандарға берілетін жүктемелерге, сондай-ақ тұрақсыз факторлардың салдарынан болатын қиыншылықтардың алдын алу және жою үшін кезекші-диспетчер қызметінің байланыс каналдары бойынша олардың жағдайын ақпараттандыру мониторингін жүзеге асыру үшін арналған.
Семинардың екінші бөлігінде "АККЕ" конструкциясы мониторингінің жүйесімен жабдықталған Астана қаласының нысандарына («Бәйтерек», велотрек, орталық мешіт және т.б.) бару көзделді.