Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сараптамалық кеңестің жұмысы туралы ақпарат

2012-07-19
Сараптамалық кеңестің жұмысы туралы ақпарат

Қарастырылған сұрақтар:
Келісім шарт бойынша сараптама жұмыстарының жағдайы:
№1011 Келісім шарт бойынша - «Алматы облысы Қарасай ауданының Іргелі а/о Теректі ауылының шығыс жағындағы фармоцептикалық логистикалық кешенінің құрылысы» сараптаумен қоса
_______________________________________________________________________
(Шымбаев Н.Н., Евтушевская Т.Н., Соловьев Д.А.)
Осы жоба бойынша локальді қорытынды берілген, бірақ қазіргі уақытта сараптаманы аяқтау үшін жоба бойынша сызбалардың толық жиынтығы керек ( АР, ВК, ОВ, ТХ, СС, ПБ, ЭО, ЭЛ бөлімдері) және сметалық құжаттама. Сонымен қатар, қосымша келісім жасау процесін аяқтау үшін, тапсырыс беруші үш рет хат жіберіліп шақырылды, бірақ «Медин» ЖШС жауап бермеді.
Шешім:
1. «Прима-Констракшн» ЖШС: 25.07.2012ж. құрамында АР, ВК, ОВ, ТХ, СС, ПБ, ЭО, ЭЛ бөлімдері бар жұмыс жобаны әкелсін.
2. «Медин» ЖШС: Қосымша келісім жасау үшін «Талдықорғанмемсараптама» ЕМК 2012 жылы 25 шілдеден кешікпей келу керек.
№ 0491 Келісім шарт бойынша - «Алматы облысының Қапшағай қаласындағы орталық саябағын абаттандыру» ЖЖ
__________________________________________________________________________
(Шымбаев Н.Н., Евтушевская, Попова З.Г.)
Бастапқыда жұмыс жоба сараптамаға толық емес жиынтықта өткізілгендігі, белгіленді. 19.07.12ж. жетпейтін сызбаларын өткізіп, сметасы әкелінбеді.
Шешім:
1. «Талдықорғанмемсараптама» ЕМК: белгіленген тәртіпте сараптама жұмыстарын жалғастырсын. Сараптама жұмыстарының басталу мерзімі 2012 жылы 19 шілдеден есептелінсін (жобаның толық жинауынан бастап).
2. «Капшагай Коркейту» МКК: 25.07.2012ж. сызбаларға сәйкес сметаны әкелу.