Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің қорытынды алқа отырысы туралы

2012-02-08
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің қорытынды алқа отырысы туралы

2012 жылдың 3 ақпанында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің кеңейтілген алқа отырысы болып өтті, онда орталық атқару органының 2011 жылғы жұмысы қорытындыланып, Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту -Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауынан, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардан туындайтын 2012 жылғы мақсаты айқындалды. Жолдауда тұрғын үй құрылысы, энергетика объектілері, газ химия және газ өңдеу кешендері, Жезқазған-Бейнеу мен Арқалық-Шұбаркөл жаңа темір жол желілерін салу мәселелері атап өтілді, сондай-ақ «Батыс-Еуропа-Батыс Қытай» автомобиль дәлізінің қазақстандық учаскесінің құрылысын аяқтау, туризм инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударылды.
2012 жылдың 3 ақпанының екінші жартысында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің алқа отырысынан кейін «Мемсараптама» РМК-да «2011 жылғы Мемсараптама қызметін қорытындылау және 2012 жылға арналған міндеттер» Республикалық кеңесі болып өтті.
Кеңеске Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының орынбасары Д.А. Акимжанов және осы атқарушы органның жауапты қызметкерлері қатысты. 2011 жылғы қорытындылар туралы есеп беру баяндамасымен «Мемсараптама» РМК Бас директоры Е.Е. Ережепов сөз сөйледі. Ол 2012 жылға арналған жобаларды мемлекеттік сараптау республикалық жүйесіне қойылған мақсаттарды атады. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау-бақылау лицензиялау және аккредитивтеу департаментінің лицензиялау басқармасы бастығы С.В. Бочаровтың сөзі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиялау, сонымен қатар құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттамасы бөлімдерін жүзеге асыратын «Мемсараптама» РМК мамандарын және оның аумақтық бөлімшелерін аттестациялау ерекшеліктері туралы мәселелер бойынша заңнамадағы өзгерістерге байланысты болды.
«Мемсараптама» РМК-ның жақын уақытта алдына қойған негізгі міндеттері, сондай-ақ жобалау құжаттамасының сараптамалық бағалау сапасы үшін жауапкершілікті арттыру мәселелері жайлы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының орынбасары Д.А. Акимжанов сөз сөйледі.
2012 жылдың жоспарлары және 2011 жылғы орындалған жұмыс туралы ақпаратпен сөз сөйлегендер «Мемсараптама» РМК бухгалтерлік есептеу және жоспарлау бөлімінің бастығы Б.Е. Бишенова (аумақтық бөлімшелердің қаржы-шаруашылық жағдайы туралы), «Мемсараптама» РМК құқықтық қамтамасыздау және кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы З.М. Идрисова (аумақтық бөлімшелер қызметіндегі Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілері және қолданыстағы заңнамалық талаптарды сақтау), методология және ақпараттық қамтамасыздау бөлімінің бастығы Е.Б. Аканов (2011 жылғы Мемсараптаманың аумақтық бөлімшелерінің рейтингілік баға қорытындылары және сараптамалық қорытындыны дайындау сапасының бағасы).
Мемсараптаманың аумақтық бөлімшелерінің кейбір директорлары да тыңдалды.