Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

2025-04-26

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Мемсараптама» РМК қызметкерлері жалпы республикалық сенбілікке қатысты.

Мекеме қызметкерлері ғимарат аумағын қоқыстан тазартты, ағаштарды әктеді, сондай-ақ іргелес аймақтарды абаттандырды. Мамандардың көбі сенбілікке балаларымен бірге келіп, осылайша жас ұрпаққа табиғатқа ұқыпты және ұжымдық мәдениетке жауапкершілікпен қарауды өз ісімен көрсеткенін атап өткен жөн.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 2024 жылдың көктемінде Мемлекет басшысының бастамасымен басталып, елдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған. Науқанның негізгі мақсаттары қалаларды, ауылдық және табиғи аумақтарды қоқыстардан тазарту, халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару болып табылады.

«Мемсараптама» РМК еліміздің тұрақты дамуы мен табиғатын қорғауға бағытталған бастамаларды қолдайды.