«Мемсараптама» РМК Астана қаласы, Алматы ауданы, Қажымұқан Мұңайтпасов көшесі, 9 мекенжайында орналасқан «Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт сарайын қайта жаңғырту» жобалық құжаттамасына оң қорытынды берді.
Жобаға сәйкес, 2000 жылы бой көтерген, биіктігі 4 қабат, жалпы ауданы 37 664,3 м2 құрайтын ғимарат қайта жаңғыртылады. Нәтижесінде мұз алаңындағы трибуна 6000 орынға, ал бассейн аймағындағы трибуна 1200 орынға дейін ұлғайтылады деп жоспарланған.
Жоба аясында қабырғаларды бұзу, сондай-ақ қосымша нысандарды қосу есебінен бас ғимаратты кеңейту көзделген. Қайта жаңғыртудан кейін мұз алаңын өзге де түрлі спорттық жарыстар мен мәдени-бұқаралық іс шаралар өткізуге болады. Жылжымалы трибуналар орнатудың нәтижесінде қосымша 1000 орын қарастырылған.
Қосалқы үй-жайларды қайта құру кезінде кеңістікті ұтымды пайдалану талаптары ескерілген: жаңа кабинеттер бассейнге де, мұз алаңына да қызмет етеді. Яғни, жаңадан: киім ауыстыратын бөлмелер, душ, санитарлық тораптар, массаж және жаттықтырушылар бөлмелері, жаттығу спорт залдары, хореографиялық сынып, акробатика залы, әкімшілік, техникалық және қызметтік үй-жайлар салынады.
Кешен құрамына сондай-ақ: 75 орындық спортшылардың уақытша тұруына арналған қонақ бөлмесі, кассалар, киім ілетін орын және санитарлық тораптар, кафе, асхана, сондай-ақ баспасөз конференцияларын өткізуге арналған үй-жайлар кіреді.
Тапсырыс беруші: «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Бас жобалаушы: «Казахский научно-исследовательский проектный институт энергетики и связи» ЖШС