«Мемсараптама» РМК «№7 қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ КМК ғимаратын қайта жабдықтаумен (ескірген және физикалық тозған жабдықты жаңасымен неғұрлым өнімді жабдықпен жаңғырту және ауыстыру) реконструкциялау» жобалық құжаттамасына оң қорытынды берді.
Аурухана Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Қалқаман шағын ауданында орналасқан. Нысан 4-6 қабатты он бір блоктан тұрады. Жобаға сәйкес қайта жаңғырту алаңы 3,9284 гектарды құрайды, оның жалпы ауданы 33 654,12 м2 (жалпы құрылыс көлемі 122 138 м3) болатын - 5, 6, 7, 8, 9, 10 блоктары реконструкциялауға жатады.
Тапсырыс беруші: «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бас жобалаушы: «Engineering Center Ltd» ЖШС.