Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Наурыз мейрамы құтты болсын!

2025-03-20
Наурыз мейрамы құтты болсын!

Ардақты ағайын!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңару мен жасампаздық бастауы, ырыс пен ынтымақ арқауы болған мейрам баршамызға құтты болсын!

Әз-Наурыз - халқымызды береке-бірлік пен ортақ мүддеге жұмылдыратын жақсылық пен жаңашылдықтың жаршысы. Тамырын тереңнен тартқан Ұлыстың ұлы күні – біртұтас бірліктің, тату тірліктің берік негізі.

Елдік тұрғыда жаңару мен жаңа құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған бірлік, бауырластық пен ынтымақ мерекесі құтты болсын! Әз-Наурыз әр шаңыраққа молшылық пен құт әкелсін. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Құрметпен, «Мемсараптама» РМК-ның бас директоры Т. Қарағойшин