Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Мемсараптамада «Каспий теңізінің түбімен байланыс желісін салу» жобасы талқыланды

2025-03-18

Жоба аясында Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) жобалау және салу жоспарланған. Алдын ала болжам бойынша Ақтау (Қазақстан) мен Сумгаит (Әзербайжан) арасындағы бағыттың ұзындығы 380 км құрайды.

Бүгін «Мемлекеттік сараптама» РМК-де халықаралық жобаны іске асыруға қатысатын «Қазақтелеком» АҚ және мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті. Алқалы жиынның мақсаты – жобаны жүзеге асыратын ттоп мұшелеріне кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу тәртібімен таныстыру.

Кездесу барысында тараптар халықаралық жобаны әзірлеу және сараптамадан өткізу үдерістерін талқылап, инвесторлардың сұрақтарына жауап берді. «Мемлекеттік сараптама» РМК Бас директорының бірінші орынбасары Ержан Тикибаев кәсіпорынның құжаттарды мемлекеттік сараптамадан дұрыс өткізу үшін кеңес беру және әдістемелік қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Еске салақ, жоба Қазақстан мен Әзербайжан Республикасы Үкіметтері арасындағы Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желілерін бірлесіп салу туралы келісім аясында жүзеге асырылып отыр. Жобаның қазақстандық операторы ретінде «Қазақтелеком» АҚ, ал әзербайжандық операторы ретінде «Azertelecom Int.» ЖШС белгіленген