Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Солтүстік өңірлік филиалының әкімшілік-басқару персоналының бас маманы бос орнына орналасуға конкурс

2025-03-14
Солтүстік өңірлік филиалының әкімшілік-басқару персоналының бас маманы бос орнына орналасуға конкурс

«Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (персонал) бос орнына орналасуға конкурс жүргізу туралы хабарландыру

1) Бос орынның атауы – әкімшілік-басқару персоналының бас маманы (персонал).
2) Орналасқан жерін, почталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Солтүстік өңірі бойынша филиалы (бұдан әрі - филиал), Көкшетау қаласы, Р.Қошқарбаев көшесі, 61А-ғимарат, тел.: 8 (7162) 72-38-14.
3) Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні және уақыты – құжаттар 2025 жылғы «20» наурыз сағат 18.00-ге дейін kokshetay@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайға ұсынылуы тиіс.
4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларға сәйкес белгіленетін конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар.
Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы:
- Кадрлық іс жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Білімге қойылатын талаптар: экономикалық/есеп және аудит немесе заң мамандықтары бойынша жоғары кәсіптік білім.
Мамандық бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар.
Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл не лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Басшы позицияларында: талап етілмейді.

Лауазымдық мендеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
- ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі»;
- ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы;
- ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы;
- ҚР «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңы;
- ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы;
- «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңы;
- ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;
- ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
- «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары»;
- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары»;
- «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары»;
- «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары»;
- осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін;
- кәсіпорынның жарғысы, ережесі, ішкі құжаттары;
- осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- статистикалық және есептік деректермен аналитикалық жұмыс, нақты іс-әрекеттер жоспарларын болжау және әзірлеу дағдысы;
- өзекті ақпаратты жинау және жүйелеу, қойылған міндеттерді орындау барысында басымдықтарды қою дағдылары;
- шешімдерді жедел қабылдау және іске асыру, жаңа жағдайға бейімделу және туындаған проблемаларды шешудің жаңа тәсілдерін қолдану дағдылары;
- іскерлік хат жазу, компьютерлік және басқа да ұйымдастыру техникасын, сондай-ақ қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану дағдылары.

Функционалдық міндеттері:
1. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы бұйрықтарды, жұмыс уақытын есепке алу табельдерін дайындауды, басып шығаруды және келісуді жүзеге асыру;
2. филиалдың жеке құрамының есебін жүргізу;
3. еңбек заңнамасына, директордың ережелері мен бұйрықтарына, сондай-ақ кадрлар бойынша басқа да белгіленген құжаттамаға сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, тағайындауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды уақтылы ресімдеу;
4. филиал қызметкерлерінің жеке істерін қалыптастыру, жүргізу және оларды 1С: Бухгалтерия (кадрлық есеп) бағдарламасына енгізу, жеке істеріне еңбек қызметіне байланысты өзгерістер енгізу;
5. мемлекеттік порталмен жұмыс істеу «Enbek.kz - электрондық еңбек биржасы», қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат енгізуге, бос жұмыс орындарының болуы туралы ақпаратты орналастыруға;
6. ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесінде қызметкерлердің сауалнамалық деректерін қадағалау, оларды жаңарту және толықтыру;
7. қызметкерлердің қазіргі және өткен еңбек қызметі туралы анықтамалар беру;
8. еңбек кітапшаларында жазбалар жүргізу;
9. Филиал сарапшылары аттестаттарының қолданылу мерзімдерін қадағалау;
10. көтермелеу мен марапаттауға қажетті материалдарды дайындау;
11. кадр жұмысы бойынша есептер дайындау;
12. кадрлардың ауысу себептерін зерделеу, оны төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
13. кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыру;
14. ағымдағы сақтаудың белгіленген мерзімдері өткеннен кейін құжаттарды филиал мұрағатына сақтауға тапсыруға дайындау;
15. әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін жүргізу;
16. бөлімшелердегі еңбек тәртібінің жай-күйіне және қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
17. еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтау;
18. бәсекелестікке жатпау және құпия ақпаратты жария етпеу туралы шарттың сақталуы;
19. ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу;
20. кәсіпорын Жарғысында, Филиал туралы ережеде, өндірістік мәселелер бойынша филиалдың ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды орындау.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
- «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысандағы өтініш;
- жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат);
- білімі туралы құжаттың көшірмесі;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- түйіндеме;
- басқарушылық функцияларды орындауға байланысты лауазымға сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген «Мемсараптама» РМК-нің жұмыс істеп тұрған жұмыскерлері «Мемсараптама» РМК бас директорының атына Жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы өтініш (еркін нысанда) береді.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) 2025 жылғы «26» наурыз – кандидаттардың өтінімдерін қарау;
2) 2025 жылғы «27» наурыз – кандидаттармен әңгімелесу;
3) 2025 жылғы «28» наурыз – конкурс қорытындылары.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.