«Мемсараптама» РМК Қостанай қаласында «KIA» автокөлігін өндіретін зауыттың 2 кезеңінің құрылысына оң қорытынды берді.
Зауыт Қостанай қаласындағы индустриялық аймақта бой көтереді. Жобаға сәйкес жаңадан салынатын кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 70 000 автокөлікті құрайды.
Тапсырыс беруші: «KIA Qazaqstan» ЖШС. Жобалаушы: «Gakyeong Architects & Engeneers Inc» АҚ-ның Астана қалалық филиалы.