Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Комплаенс қызметінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

2025-03-05
Комплаенс қызметінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

1) Бос лауазымның атауы – «Мемсараптама» РМК комплаенс қызметінің бас маманы.
2) Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетілген мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК), Астана қаласы, Күлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат, тел.: 57 45 00.
3) Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні және уақыты – құжаттар 2025 жылғы «12 наурызды қоса алғанда сағат 18.00-ге дейін aidrisova@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайына ұсынылуы тиіс.
4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес айқындалатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар.
Лауазымның мақсаты мен бағыты:
Бөлімшеге жүктелген міндеттерді тиімді орындау.
Білімге қойылатын талаптар: заң/техникалық/экономикалық мамандықтар бойынша жоғары кәсіптік білім.
Лицензияларға, сертификаттарға және т.б. қойылатын талаптар: біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болғаны жақсы.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 3 жыл.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі;
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі;
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік Кодексi;
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;
- Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;
- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі;
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары;
- Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары;
- Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидалары;
- Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидалары;
- осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
- Кәсіпорынның Жарғығы, ішкі құжаттары;
- МС КҚ.08-2023 Кәсіпорын ережелері Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың өндірістік процестері;
- МС КҚ.09-2023 Кәсіпорын қағидалары құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындыларын ресімдеу құрамына, мазмұнына және рәсімдеріне қойылатын талаптар;
- осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- компьютерде жұмыс істеу дағдылары;
- қазақ, орыс тілдерін жетік білу;
- іскерлік хат алмасу дағдылары;
- іскерлік қарым-қатынас дағдылары.

Функционалдық міндеттер:
1) әзірлеуді және орындауды қамтамасыз ету:
Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының ішкі саясаты;
Кәсіпорын жұмыскерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Нұсқаулық;
Кәсіпорындағы мүдделер қақтығысын анықтау және реттеудің ішкі саясаты;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспары;
корпоративтік этика және мінез-құлық мәселелерін реттейтін құжат.
2) Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне қатысты ақпаратты жинауды, өңдеуді, қорытуды, талдауды және бағалауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қарашада № 14441 болып тіркелді) сәйкес Кәсіпорын және аумақтық бөлімшелер қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді үйлестіру;
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның және квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшыларының бірлескен шешімі бойынша жүргізілетін Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға қатысу;
5) Кәсіпорында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мониторингін және оларды митигациялау және жою бойынша қабылданатын шараларды жүзеге асыру;
6) Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу;
7) Кәсіпорын жұмыскерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту семинарларын өткізу;
8) Кәсіпорын жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл саясатын және корпоративтік этика мен мінез құлық мәселелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз ету;
9) Кәсіпорын ұжымында жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету;
10) комплаенс қызмет құзыреті шеңберінде мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың заңда белгіленген қаржылық бақылау шараларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауын қамтамасыз ету;
11) Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспарын орындауына мониторинг әзірлеу және жүргізу;
12) мүдделер қақтығысын, оның ішінде Кәсіпорынды жұмысқа орналастыру, сатып алу және бизнес-процестер мәселелерін анықтау және реттеу жөнінде шаралар қабылдау;
13) Кәсіпорындарға сыйлық беру және алу мәселелерін реттеу бойынша шаралар қабылдау;
14) контрагенттердің сенімділігін тексеруді жүзеге асыру;
15) Кәсіпорын және аумақтық бөлімшелер жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманы, ішкі тәртіп қағидаларын сақтау қызметіне, жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын, қолданыстағы Жарғыға және Кәсіпорынның ішкі құжаттарына сәйкес қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу жөніндегі талаптарды сақтау қызметіне, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың кәсіпорын жұмыскерлерінің заңсыз әрекеттеріне түскен өтініштері бойынша тұрақты тексерулер ұйымдастыру;
16) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу фактілері бойынша, сондай-ақ Кәсіпорын жұмыскерлерінің заңсыз әрекеттеріне заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен шағымдары бойынша, сондай-ақ «E-Otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасына түскен, оның ішінде +7 (7172) 57-38-01 нөмірі (кәсіпорынның ресми сайтында көрсетілген) бойынша сенім телефоны арқылыКәсіпорын жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлық фактілері туралы құзыреті шеңберінде тиісті шаралар қабылдай отырып қызметтік тергеп-тексеру жүргізу;
17) «Мемсараптама» РМК жұмыскерлеріне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізу қағидаларына (2022 жылғы 21 қаңтардағы №37 бұйрық) сәйкес Кәсіпорынның лауазымды адамдарына қатысты қызметтік тергеп-тексеру қорытындылары тәртіптік комиссияға шығару;
18) Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сот практикасындағы өзгерістерге мониторинг және талдау жүргізу;
19) Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру тиімділігіне бағалау жүргізу;
20) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен жұмыскерлерінің ақпаратын тыңдау;
21) Кәсіпорын басшысына анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, Кәсіпорын қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар енгізу;
22) Кәсіпорын қызметінің ерекшелігіне байланысты, егер мұндай функциялар тәуелсіздікке әсер етпесе және мүдделер қақтығысын тудырмаса, комплаенс, іскерлік этика, тұрақты даму мәселелеріне байланысты функцияларды жүзеге асыру;
23) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау;
24) берілген құқықтарға сәйкес «Е-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында жұмыс істеу және тапсырмаларды уақтылы орындау.

5) Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысанда өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат);
3) білім туралы құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) резюме.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген «Мемсараптама» РМК жұмыс істеп жүрген жұмыскерлері «Мемсараптама» РМК бас директорының атына жобаларды ведомстводан тыс кешенді сараптаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы (еркін нысанда) өтініш береді.

Егер ішкі іріктеу қорытындысы бойынша бос лауазымға орналасуға кандидат анықталмаған жағдайда сыртқы конкурстық іріктеу жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) 2025 жылғы «12» наурыз – кандидаттардың өтінімдерін қарау;
2) 2025 жылғы «13» наурыз – кандидаттармен әңгімелесу;
3) 2025 жылғы «14» наурыз – конкурс қорытындысы.

Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер оларға қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс нәтижелеріне шағымдануға құқылы.