Сіздерді мейірімділік пен ізгіліктің, сұлулық пен жылулықтың мейрамы 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Дана халқымызда «Әйел – бір қолымен бесікті тербесе, екінші қолымен, әлемді тербейді» деген ұлағатты сөз бар. Өйткені халқымыз әрқашан әйел-ананы қастерлеген, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегіне балаған. Ана - өмірдің гүлі, тіршіліктің нұры, мейірім мен ізгіліктің жаршысы, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы.
Еліміздің сән-салтанаты мен еселі еңбегі, ұлы жеңістері мен бағындырған белестері де нәзік жандарға тікелей байланысты. Сол себепті, Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде ана мен бала қамқорлығына, олардың денсаулығына, әлеуметтік жағдайына, кәсіби өрлеуі мен тұлғалық қасиеттерін дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Өйткені, ер – елдің иесі болса, әйел – үйдің киесі.
Жылдың әр күні сіздерге және жанұяларыңызға тек қана жақсылық пен игілік әкелсін!
Құрметпен, «Мемсараптама» РМК-ның бас директоры Т. Қарағойшин