Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК қызметкері жоғары мемлекеттік наградаға ие болды

2025-03-07
«Мемсараптама» РМК қызметкері жоғары мемлекеттік наградаға ие болды
«Мемсараптама» РМК қызметкері жоғары мемлекеттік наградаға ие болды

Бүгін Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірлік филиалы Жамбыл облысы бойынша департаментінің өндірістік бөлімінің сарапшысы Ольга Николаевна Шелудькоға алғаш рет тағайындалған «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» құрметті атағын табыс етті.

Ольга Николаевна құрылыс саласына 53 жылдан астам уақытын арнады. Оның 22 жылы «Мемсараптама» РМК ұйымында еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде ол Қазақстандағы құрылыс жобаларының сапасын қамтамасыз ету жолында өзінің тәжірибесі мен озық білімін қолдана отырып, мемлекеттік сараптаманың дамуына елеулі үлес қосты. Оның кәсібилігі мен жауапкершілігі әріптестері арасында жоғары бағаланады.

Ольга Николаевнаның көп жылғы еңбегінің арқасында осындай жоғары атаққа ие болуы - «Мемсараптама» РМК барлық қызметкерлері үшін ғана емес, жас мамандарына да өз ісіне ұзақ жылдар бойы адал болу - әрқашан лайықты баға табатының көрсеткіші.

«Мемсараптама» РМК ұжымы Ольга Николаевнаны мақтан тұтады және осы маңызды марапатпен құттықтайды. еліміздің құрылыс саласын дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс айтады!