Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасының және жобаларға (ТЭН және ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптамасының мемлекеттік сатып алу субъектілері болып табылатын тапсырыс берушілері үшін маңызды ақпарат

2025-03-04
Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасының және жобаларға (ТЭН және ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптамасының мемлекеттік сатып алу субъектілері болып табылатын тапсырыс берушілері үшін маңызды ақпарат

1. Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасының және жобалардың (ТЭН және ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптамасы:
Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы (бұдан әрі – ҚЖКҚС) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 706 бұйрығымен Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – 706-қағидалар) сәйкес;
Құрылыс жобаларына (ТЭН және ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптамасы (бұдан әрі – ВТКС) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – 299-қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

2. 706-қағидалардың 17-тармағына және 299-қағидалардың 22-тармағына сәйкес ВТКС және ҚЖКҚС жүргізу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалады.

3. ВТКС және ҚЖКҚС бойынша жұмыстарды сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі ҚР Заңының 16-бабы 3-тармағының 25) тармақшасы – Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу негізінде бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 64-4-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік монополияға жататын ведомстводан тыс кешенді сараптаманы мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.
Заңның 1-бабының 39-1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және объектілердің құрылыс жобаларының (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) кешенді ведомстводан тыс сараптамасын жүргізу жөніндегі мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
«Мемсараптама» РМК «Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы бақылауын жетiлдiру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 қаңтардағы № 88 Қаулысымен құрылған заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 324 бұйрығымен бекітілген Жарғыға сәйкес ВТКС және ҚЖКҚС жүзеге асырады.

4. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің каталогына (ТЖҚК) сәйкес ВТКС және ҚЖКҚС өткізу жөніндегі жұмыстарды сатып алу реттік нөмірі 712019.000.000003 болатын «сараптамалар/сынақтар/тестілеу жүргізу жөніндегі жұмыстарға» жатады.

5. ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!!! Мемлекеттік сатып алу веб-порталында шартты қалыптастыру кезінде Тапсырыс беруші «ҚҰРЫЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС» деген шарттың мәтінін таңдауы тиіс.
БҰНДАЙ БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА, сараптамалық жұмыстар аяқталғаннан кейін мемлекеттік сатып алу веб-порталы құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыны, орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындыны және сәйкестік туралы декларацияны бекітуді талап етеді.
Көрсетілген құжаттарсыз «ҚҰРЫЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ» мәртебесі бар шарттар бойынша орындалған жұмыстар актісін (ОЖА) қалыптастыру техникалық жағынан мүмкін емес және соның салдарынан ОЖА-ға тараптар қол қоймай, тапсырыс беруші сараптамалық қорытындыны ала алмайды.
Шартты қалыптастыру сатысында аса мұқият болуды сұраймыз, себебі шарт жасалғаннан кейін «ҚҰРЫЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ» шартының мәртебесін «ҚҰРЫЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС» мәртебесіне өзгерту мүмкін емес.

6. Сараптамалық қорытындыға шарт бойынша тараптар ОЖА-ға қол қойғаннан кейін ғана қол жеткізуге болады.

7. Мемлекеттік монополияға жатқызылған ВТКС және ҚЖКҚС жүргізуге арналған электрондық шарттар жария болып табылады, олардың нысандары «Мемсараптама» РМК-нің 2022 жылғы 12 шілдедегі № 246 (ВТКС жүргізуге), 2023 жылғы 29 қарашадағы № 316 (ҚЖКҚС жүргізуге) бұйрықтарымен бекітілген және Кәсіпорынның ресми сайтындағы бас бетте «Мемлекеттік сараптама жүргізуге арналған шарттың үлгілік нысаны» бөлімінде орналастырылған.

8. «Мемсараптама» РМК-де шарттар жасасу рәсімін жоспарлау-шарттық жұмыс бөлімі жүзеге асырады, оның жұмыскерлері арасында сараптама жүргізу орнына байланысты шарттар жасасу бөлінген және қажет болған жағдайда тапсырыс берушілер оларға келесі телефон нөмірлері бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін дейін хабарласа алады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін:

Сараптама жүргізу орны / «Мемсараптама» РМК жоспарлау-шарттық жұмыс бөлімінің жауапты қызметкерінің байланыс телефоны:

Алматы қаласындағы филиал - +7 7172-57-43-02;

Жетісу облысы және Алматы облысы бойынша филиал, Оңтүстік өңірі бойынша филиал - + 7 7242-40-02-69;

Шығыс өңірі бойынша филиал, Солтүстік өңірі бойынша филиал - + 7 7152-50-07-46;

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша филиал, Батыс өңірі бойынша филиал, Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша филиал - +7 7172-57-43-02.