«Мемсараптама» РМК мамандары құрылыс саласының сарапшылары арасында өтетін халықаралық спартакиадаға қатысып, Қазақстан намысын қорғайды.
Астанада «Мемсараптама» РМК қызметкерлері арасында іріктеу турнирі өтті. Оған 6 филиал мен орталық аппараттың 36 қызметкерінен жасақталған 4 команда қатысты. Олардың құрамында сарапшылар, филиал, басқарма директорлары, әкімшілік және өндірістік қызмет мамандары бар.
Екі күн бойы спортшылар шахмат, үстел теннисі, волейбол және футзал бойынша үздіктерді анықтады.
Турнирдің ашылуында бас директор Тимур Қарағойшин қатысушыларға сәттілік тілеп, әр спорт түрінде бар күш-жігерлерін салуға шақырды. Себебі, тек ең мықты спортшылар ғана Қазақстан атынан баратын команда құрамына еніп, халықаралық спартакиадада ел намысын қорғайтынын атап өтті.
Іріктеу турнирінде Nomad, Sunkar, Barys және DreamTeam командалары бақ сынасты. Шахматтан DreamTeam, ал үстел теннисінен Nomad командасының мүшелері жеңіске жетсе, волейболда Sunkar командасы үздік атанды. Футзалда алдына қарсылас салмаған Nomad командасы жалпыкомандалық есепте I орын алды. II орынды Barys иеленсе, III орынды DreamTeam және Sunkar командалары бөлісті. Айтса кетсек, Қазақстан құрамасының қатарына командаға қарамай, әр спорт түрі бойынша ең мықты спортшылар ғана іріктеліп, таңдалады.
Құрылыс саласы сарапшыларының II халықаралық спартакиадасы Ресей Федерацияссында өте деп жоспарланған. Оған ЕАЭО мүше елдерінің командалары қатысады.
«Әріптестеріміз дәстүрлі жалғастырып, ауыспалы эстафетаны Ресей Федерациясы қабылдады. Спартакиаданың негізігі бастамашысы – Қазақстан, яғни «Мемсараптама» мекемесі. Мемлекетаралық алғашқы турнир 2023 жылы Түркістан облысында ұйымдастырылған болатын. Жалпы, бұл іс-шара сарапшылар арасында спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіледі», – деді «Мемсараптама» РМК бас директорының орынбасары Саламат Серікқалиев.