2024 жылдың қорытындысы бойынша «Мемсараптама» РМК-ны 3 мыңнан астам жоба, оның ішінде ұлттық жобалары бойынша 700-ге жуық жобаға қортынды берген.
«Мемсараптама» РМК-нің орталық аппаратында республикалық кеңес өтті. Жиынға ұйымның республика бойынша барлық филиалдары мен департаменттерінің басшылары қатысты. Кеңестің мақсаты - 2024 жылдың қорытындысын жасау және «Мемсараптама» РМК жұмыс жүйесін одан әрі дамыту бағытында ұсыныстар әзірлеу.
Кеңес аясында қатысушылар құрылыс саласын дамыту, жобалау және сараптама саласындағы нормативтік реттеу, сондай-ақ құрылыс секторын цифрландыру мәселелерін талқылады. Бас директордың орынбасарлары, орталық аппараттың басқарма және бөлім басшылары баяндама жасады.
Мәселен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Мемсараптама» РМК-ны 3 мыңнан астам жоба, оның ішінде «Жайлы мектеп» және «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары бойынша 700-ге жуық жобаға қортынды берген. Баяндамаларда өткен жылдың қаңтар айынан бастап міндетті шара ретінде енгізілген қала құрылысы сараптамасы саласындағы нәтижелері де атап өтілді. Сондай-ақ, іс-шара аясында «бірыңғай құрылыс порталын» құру және салалық ақпараттық жүйелерді интеграциялау тұжырымдамасы қаралды.