«Мемсараптама» РМК Солтүстік өңір бойынша филиалына жұмыс сапары аясында «Мемсараптама» РМК-нің комплаенс қызметінің басшысы Ж.К. Оспанов филиал ұжымына жаңадан тағайындалған директоры А. Ж. Рахманқұловты таныстырды.
Бұған дейін кәсіпорынның Алматы қаласындағы филиалы директорының орынбасары қызметінде болған жаңа басшылықпен жүздесу жылы әрі іскерлік көңіл-күйде өтті. Кездесу барысында Солтүстік өңір бойынша филиал қызметінің негізгі бағыттары мен даму перспективалары талқыланды.