1) Бос лауазымның атауы – «Мемсараптама» РМК Әкімшілік және құқықтық жұмыс басқармасы заң бөлімінің бас маманы.
2) Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетілген мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК), Астана қаласы, Күлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат, тел.: 57 45 00.
3) Құжаттарды қабылдаудың аяқтау күні және уақыты – құжаттар 2024 жылғы «17» желтоқсан сағат 18.00 қоса есептелгенге дейін aidrisova@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайға ұсынылуы тиіс.
4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес айқындалатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар.
Лауазымның мақсаты мен бағыты:
Кәсіпорынның қызметін құқықтық қамтамасыз ету.
Білімге қойылатын талаптар: Жоғары заңгерлік білім.
Лицензияларға, сертификаттарға және т.б. қойылатын талаптар: жақсы болар еді.
Мамандық бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
Мамандық бойынша кемінде 3 жыл не лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 4 жыл.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- «Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексі» ҚРК;
- «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» ҚРК;
- «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» ҚРК;
- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚРК;
- «Құқықтық актілер туралы» ҚРЗ;
- «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚРЗ;
- «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚРЗ;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ;
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚРЗ;
- азаматтық заңнама негіздері;
- Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері;
- әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнама негіздері;
- Кәсіпорын қызметінің түрлерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер;
- аталған лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері;
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
1) іскерлік хат алмасу дағдылары;
2) іскерлік қарым-қатынас дағдылары;
3) командада жұмыс істеу;
4) келіссөздер жүргізу;
5) құжаттардың жобаларын әзірлеу және жүргізу (келісімдер, қағидалар, регламенттер және т.б)
Функционалдық міндеттері:
1) Жетісу облысы және Алматы облысы бойынша филиалын, Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша филиалын (бұдан әрі – филиалдар) құқықтық сүйемелдеу;
2) Кәсіпорын қызметінен туындайтын істер бойынша барлық сатыдағы соттарда Кәсіпорын мүдделерін білдіру;
3) Филиалдар қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар дайындау;
4) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, адвокаттық сауалдарға жауап дайындау;
5) Филиалдардың қажеттіліктері үшін мемлекеттік сатып алу порталында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу;
6) Филиалдардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі ішкі актілерді әзірлеу;
7) Филиалдардың директорларына берілетін бас сенімхаттарды есепке алу. Олардың қолданылу мерзімдерін бақылау;
8) Филиалдардың құрылтай құжаттарын есепке алу;
9) Құқықтық сипаттағы Филиалдардың директорларына қол қоюға ұсынылатын құжаттарды келісу;
10) Филиалдардың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды есепке алу;
11) Филиал қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер мен кеңестер беру;
12) Филиалдардың келісу комиссияларының жұмысын құқықтық сүйемелдеу;
13) Филиалдардың белгіленген алаңдары мен автокөлік лимиттеріне сәйкестігі бойынша жауапты қызметкерлер жүргізетін іс-шараларды есепке алу;
14) Филиалдардың қызметін мемлекеттік аудиттерді және өзге де тексерулерді есепке алу. Аудиторлық есептерге, сұрау салуларға, мемлекеттік аудит органдарының ұсынымдарына және өзге де тексерулерге заңдық негіздемелерді дайындау және ұсыну. Бұзушылықтардың мониторингі және оларды болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
15) Филиалдардың қызметінен туындайтын дебиторлық және кредиторлық берешекті жою жөнінде құқықтық шаралар қабылдау;
16) Филиалдар міндеттемелерді орындағаннан кейін оларға қол қою жөніндегі міндеттемелерді орындамаған тапсырыс берушілердің орындаған жұмыстарының актілерін тану жөнінде құқықтық шаралар қабылдауы;
17) тапсырыс берушілер орындалуы филиалдарға тапсырылған шарттарда белгіленген тәртіппен бұзу туралы келісімдерге қол қоймаған құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарттарды бұзу бойынша құқықтық шаралар қабылдау;
18) Филиалдардың қызметінен туындайтын істер бойынша сотқа талап қою кезінде төленген мемлекеттік баждардың сомаларын қайтару жөнінде құқықтық шаралар қабылдау;
19) Материалдарды атқарушылық іс жүргізуге жіберу, сот орындаушыларымен хат алмасу, Филиалдардың қызметінен туындайтын істер бойынша атқарушылық іс жүргізу мерзімдерін бақылау;
20) Шарттық міндеттемелерді бұзған өнім берушілерден тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) өндіріп алу және оларды мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану жөнінде шаралар қабылдау;
21) жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарттарды бұзу негіздерін қарау, олардың шегінде шарттарды бұзу мүмкін болатын мерзімдерді тексеру, ЖШБ-мен келісімдердің редакцияларын пысықтау;
22) жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шарттардың талаптарына өзгерістер енгізу негіздерін тексеру, ЖШБ-мен қосымша келісімдердің редакциясын пысықтау;
23) Кәсіпорынның ішкі қағидаларында белгіленген тәртіппен сараптамалық қорытындыларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу негіздерін тексеру;
24) Кәсіпорынның ішкі актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді орындау;
25) Бөлімше басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.
5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысандағы өтініш;
2) қоса беріліп отырған нысан бойынша қызметтік тізім;
3) жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат);
4) білім туралы құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) түйіндеме.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген «Мемсараптама» РМК-дн жұмыс істеп жүрген жұмыскерлері «Мемсараптама» РМК бас директорының атына жобаларды ведомстводан тыс кешенді сараптаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы (еркін нысанда) өтініш береді.
Егер ішкі іріктеу қорытындысы бойынша бос лауазымға орналасуға кандидат анықталмаған жағдайда сыртқы конкурстық іріктеу жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) 2024 жылғы «18» желтоқсан – кандидаттардың өтінімдерін қарау;
2) 2024 жылғы «19» желтоқсан – кандидаттармен әңгімелесу;
3) 2024 жылғы «20» желтоқсан – конкурс қорытындысы.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар оларға қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.