Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының әкімшілік-басқару персоналының жетекші маманы (аударма, іс жүргізу, архив) бос орынға орналасуға конкурс жүргізу туралы хабарландыру

2024-12-10
«Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының  әкімшілік-басқару персоналының жетекші маманы (аударма, іс жүргізу, архив) бос орынға орналасуға конкурс жүргізу туралы хабарландыру

1) Бос орынның атауы – әкімшілік-басқару персоналының жетекші маманы (аударма, іс жүргізу, архив).

2) Орналасқан жерін, почталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Солтүстік өңірі бойынша филиалы (бұдан әрі - филиал), Көкшетау қаласы, Р.Қошқарбаев көшесі, 61А-ғимарат, тел.: 8 (7162) 72-38-14.

3) Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні және уақыты – құжаттар 2024 жылғы «17» желтоқсан сағат 18.00-ге дейін kokshetay@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайға ұсынылуы тиіс.

4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларға сәйкес белгіленетін конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар.

Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы:

- Құжаттамалық қамтамасыз етудің бірыңғай тәртібі;

- мемлекеттік тілді дамыту;

- мұрағатқа қабылданатын құжаттарды іріктеуді, ретке келтіруді, жинақтауды, пайдалануды, сақтауды қамтамасыз ету.

Білімге қойылатын талаптар: Жоғары техникалық, гуманитарлық немесе педагогикалық білім.

Мамандық бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар.

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл не лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жылдан кем болмауы тиіс.

Басшы позицияларында: талап етілмейді.

Лауазымдық мендеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасының негіздері;

- азаматтық заңнама және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама негіздері;

- «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңы;

- «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» ҚР Заңы;

- «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» ҚР Заңы;

- «Мемлекеттік құпиялар туралы» ҚР Заңы;

- «Ақпаратқа қол жеткізу туралы ҚР Заңы;

- «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңы;

- «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңы;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы;

- «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары»;

- «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары»;

- «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары»;

- «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы»

- осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін;

- кәсіпорынның жарғысы, ережесі, ішкі құжаттары;

- осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

* статистикалық және есептік деректермен аналитикалық жұмыс, нақты іс-әрекеттер жоспарларын болжау және әзірлеу дағдысы;

* өзекті ақпаратты жинау және жүйелеу, қойылған міндеттерді орындау барысында басымдықтарды қою дағдылары;

- шешімдерді жедел қабылдау және іске асыру, жаңа жағдайға бейімделу және туындаған проблемаларды шешудің жаңа тәсілдерін қолдану дағдылары;

- іскерлік хат жазу, компьютерлік және басқа да ұйымдастыру техникасын, сондай-ақ қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану дағдылары.

- ұжымдағы тиімді қарым-қатынасты (психологиялық климат) қолдау дағдысы.

Функционалдық міндеттері:

1. ұсынылған құқықтарға сәйкес "Е-otinish" азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында (бұдан әрі - Е-otinish) жұмыс істеу және тапсырмаларды уақтылы орындау;

2. электрондық пошта, почта жөнелтімдері арқылы келіп түскен, сондай-ақ ВКСБАЖ және Е-otinish-те қолма-қол алынған барлық қосымшаларды сканерлеп және көрсете отырып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және тіркеу;

3. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің орындалу мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру

4. Е-otinish-те тіркелген өтініштер бойынша филиал бойынша тоқсандық, жартыжылдық, жылдық статистикалық ақпаратты орталық аппаратқа уақтылы тапсыруға, оның ішінде ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 9-күніне дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық департаментіне өтініштер бойынша салыстыру актісін тапсыруға;

5. қабылдау бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру және қызмет көрсету, келушілерді басшылыққа қабылдауды жүзеге асыру;

6. Филиалдың хат-хабарларын қабылдауды, тіркеуді және жөнелтуді жүргізу;

7. Филиал басшылығына қол қоюға ұсынылатын құжаттарды дайындау сапасын, жасау, келісу, бекіту дұрыстығын бақылау;

8. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген шектерде «Қызмет бабында пайдалану үшін» (ҚБП) белгісі бар құжаттарды өңдеу бойынша қабылдауды, ашуды, тіркеуді және одан әрі рәсімдерді жүзеге асыру;

9. басшылықтың құжаттары мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру, олардың уақтылы және сапалы орындалуына бағытталған жедел шаралар қабылдау;

10. қызметтік құжаттардың, нормативтік құжаттардың, сондай-ақ басқа да қызметтік құжаттардың орыс және мемлекеттік тілдеріндегі мәтіндерін аудару;

11. мемлекеттік тілді оқитын Филиал қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету;

12. Филиалдың іс қағаздарын кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге көшіру бойынша жұмыстарды орындау;

13. құжаттарды мемлекеттік тілде ресімдеу;

14. директордың нұсқауы бойынша оның жұмысына қажетті қызметтік материалдарды басып шығару;

15. телефон арқылы сөйлесулер жүргізу (кіріс қоңырауларын қабылдау, қоңырауларды бағыттау, телефонограммаларды қабылдау және жіберу) бойынша жұмыстарды жүзеге асыру);

16. құжаттарды қабылдауды, есепке алуды, тіркеуді, орындалуын бақылауды, құжаттар мен ақпаратты ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуді және сақтауды қамтамасыз ету;

17. кіріс және шығыс құжаттаманы белгіленген тәртіпке сәйкес тіркеу;

18. Өтетін қызметтік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз ету;

19. өндірістік кеңестердің, ұжымның жалпы жиналыстарының хаттамаларын жүргізу;

20. бекітілген номенклатураға сәйкес істерді қалыптастыру және Филиал архивіне іс жүргізу аяқталған құжаттық материалдарды тапсыру;

21. істер номенклатурасын әзірлеуге қатысу және оны мемлекеттік мұрағатпен келісу;

22. мұрағаттық сақтауға немесе сақтау мерзімі өткен материалдарды жоюға арналған құжаттарды жыл сайын іріктеуді жүргізу;

23. құжаттардың жай-күйін, мұрағат үй-жайларында олардың сақталуы үшін қажетті шарттардың сақталуын қадағалау;

24. Филиалдың архивтік құжаттарына рұқсатсыз қол жеткізуден тиісті қорғауды қамтамасыз ету;

25. белгіленген талаптарды сақтай отырып, архив ісін ұйымдастыруды, құжаттарды есепке алуды, сақтауды, дайындауды және тиісті архивке мемлекеттік сақтауға уақытылы беруді қамтамасыз ету;

26. келіп түскен сұрауларға сәйкес мұрағат көшірмелері мен құжаттарын беруге, мұрағат құжаттарында бар мәліметтер негізінде қажетті анықтамалар жасауға, мұрағат жұмысы бойынша есептілік жасау үшін деректерді дайындау;

27. еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау;

28. құпия ақпаратты жария етпеу және бәсекеге қабілетсіздігі туралы шартты сақтау;

29. ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу – кіріс және шығыс хат-хабарлар, сараптамаға жолдамалар туралыв ақпарат енгізу және оларды тіркеу;

30. өз құзыретіне кіретін басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

- «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысандағы өтініш;

- жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат);

- білімі туралы құжаттың көшірмесі;

- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

- түйіндеме;

- басқарушылық функцияларды орындауға байланысты лауазымға сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген «Мемсараптама» РМК-нің жұмыс істеп тұрған жұмыскерлері «Мемсараптама» РМК бас директорының атына Жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы өтініш (еркін нысанда) береді.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) 2024 жылғы «18» желтоқсан – кандидаттардың өтінімдерін қарау;

2) 2024 жылғы «19» желтоқсан – кандидаттармен әңгімелесу;

3) 2024 жылғы «20» желтоқсан – конкурс қорытындылары.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.