Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«МЕМСАРАПТАМА»РМК ОҢТҮСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КАДРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

2011-11-05
«МЕМСАРАПТАМА»РМК ОҢТҮСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КАДРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Біліктілікті арттыру мақсатында «Мемсараптама» РМК ОФ қызметкерлері 2011 жылдың 3-4 қарашасында «Мемсараптама» РМК кадрлық қызмет жұмысшылары мен заңгерлерінің қатысуымен құқықтық және кадрлық мәселерері бойынша республикалық семинар-кеңесіне қатысты. Жобалардың мемлекеттік сараптама жұмысының жүйесін құрайтын құқықтық және кадрлық жұмысты дамытатын негізгі бағыттары көрсетілді. Мемлекеттік кәсіпорын қызметін құқықтық және кадрлық қамтамасыздау механизмі жөнінде «Мемсараптама» РМК құқықтық қамтамасыздау және кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы Идрисова З.М., осы бөлімнің бас маманы Омарова А.К.,бөлімнің бас маманы Кушекбаева Г.Т. баяндады.
Бағдарламаға сәйкес семинардың негізгі тақырыптары ретінде төмендегілер анықталды:
1) Мемлекеттік кәсіпорын және мемлекеттік қатысуымен ұйымдардың әрі қарайғы қызметтерінде антимонополдық заңнамасын, сондай-ақ 2011 жылдың 1 наурызындағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын түсіндіру:
2) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексін қолдану тәжірибесі.
Семинарды өткізуге экономикалық даму және сауда Министрлігінің Мемлекеттік ативтерді басқару саясаты басқармасы директорының орынбасары Д. Адилхан, Мемлекеттік мүлік және жекешелендірудің өңіраралық басқармасының заңды тұлғалармен жұмыс істеу жөніндегі бөлім бастығы (Сарыарқа) С. Сарсекова, Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің бақылау және әлеуметтік қолдау жөніндегі Комитетінің бас мемлекеттік еңбек испекторы Б. Жумагулов шақырылды.