«КОВИ Консалтинг» ЖШҚ-ның шақыруы бойынша 2011 жылдың 19-нан 24 маусымы аралығында «Мемсараптама» РМК және оның еншілес кәсіпорындарының мамандары Бельгия Корольдігіне сапар барысында Бельгия компаниясының «Aquafin» және «Aquaplus» жұмыстарымен танысты. Қазақстандықтар оңтүстік Антверпен және Дорн қаласының кәріздік тазарту кешендерін, сондай-ақ Шальруа қаласының жер асты кәріздік құрылыстарын көріп қайтты. Бұдан басқа, біздің мамандарымыз электрэнергия өндірімін және ілеспе биогаз алып қатты-тұрмыстық қалдықтарды компостілеу және көму бойынша полигонның жайғастырылу технологиясымен, сондай-ақ биореакторы бар азық-түлік қалдықтарын қайта өңдеу зауытының, биогаз және электрэнергия өңдірімін алу технологиясымен танысты.