Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Мемлекеттік сараптамада Әзірбайжан делегациясымен кездесу өтті

2024-07-11
Мемлекеттік сараптамада Әзірбайжан делегациясымен кездесу өтті

"Мемсараптама" РМК-да бас директор Тимур Карайгошин Әзірбайжан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдерімен құрылыстағы сметалық нормалау және баға белгілеу мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында дөңгелек үстелге қатысушылар тараптардың әрқайсысының құрылысындағы сметалық-нормативтік базаның ағымдағы жай-күйімен танысты, сондай-ақ сметалық құжаттамаға сараптама жүргізу және сметалық есептердің дұрыстығын тексеру тетіктерін талқылады.
"Мемсараптама" РМК өкілдері "бір терезе" қағидаты және бас жоспарлар жобалары мен аумақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары бойынша жаңа кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу тәртібі туралы толығырақ айтып берді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі тығыз ынтымақтастық қажеттігін атап өтті.