Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

"Мемсараптама" РМК қызметкерлері "e-Otinish"ақпараттық жүйесіндегі жұмыс бойынша семинарға қатысты

2024-06-21
"Мемсараптама" РМК қызметкерлері "e-Otinish"ақпараттық жүйесіндегі жұмыс бойынша семинарға қатысты

2024 жылғы 20 маусымда "Мемсараптама" РМК-да азаматтардың өтініштерімен және "e-Otinish"ақпараттық жүйесімен жұмыс бойынша оқыту семинары өтті. Кездесу бейне-конференц байланыс режимінде өтті.
Семинарға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" КЕ АҚ мемлекеттік корпорациясының шақырылған спикерлері қатысты.
Оқыту семинары аясында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына негізделген "е-Otinish"ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу тәртібі талқыланды.
Кеңес соңында қатысушылар ақпараттық жүйемен жұмыс істеу кезінде туындайтын жағдайлар туралы айтып, өз ұсыныстарымен бөлісті.