Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Мемлекеттік сараптамада Беларусь сарапшыларымен дөңгелек үстел өтті

2022-07-07

2022 жылғы 7 шілдеде Беларусь Республикасы Құрылыс министрлігінің ведомстволық бағынысты құрылымдарының сарапшылары мен мамандарынан тұратын делегация "Мемсараптама"РМК орталық аппаратына сапармен барды. Келген қонақтар үшін кәсіпорын қызметі, сараптама жүргізудің электрондық форматына көшу және сапа менеджменті жүйесін енгізу жөнінде презентация өткізілді. Сондай-ақ, белорустық әріптестер сараптамалық қорытындыларды ресімдеу және республиканың құрылыс саласына ақпараттық модельдеу технологияларын енгізу бойынша Қазақстан өткізетін іс-шаралар бөлігіндегі соңғы өзгерістер туралы хабардар етілді. Кездесу барысында дөңгелек үстелге қатысушы кадр резервін қалыптастыру, сараптама алдындағы кезеңде кеңес беру және қала құрылысы құжаттамасын сараптау рәсімдерін, сондай-ақ екі ел үшін де өзекті сараптама қызметінің өзге де мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі тығыз ынтымақтастықтың қажеттілігін атап өтті.