«Мемсараптама» РМК-де 2022 жылғы 23 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданы бойынша «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы Ербол Түгелбайұлы Исаковтың, сондай-ақ «Елорда ақпарат» ЖШС директорының орынбасары Қанат Әуесбайдың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында Кәсіпорын қызметкерлеріне 2022 жылғы 5 маусымға жоспарланған референдумды өткізу шеңберіндегі барлық бағыттар бойынша түсініктемелер берілді.
Сондай-ақ, Конституцияға және Қазақстан Республикасының басқа да конституциялық заңдарына ұсынылған түзетулер бойынша қоғамдық штаб мүшелерінен Кәсіпорын қызметкерлерінің барлық мүдделі мәселелері бойынша жауаптар мен түсініктемелер алынды.