Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы (бұдан әрі - Филиал) Филиалдың уақытша болмаған қызметкерін ауыстыру кезеңінде, бас маман (персонал, іс қағаздарын жүргізу) бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды – 1 бос орын.
Филиалдың конкурсқа қатысушыларға қоятын талаптары:
1. Экономикалық, заңгерлік, гуманитарлық мамандық бойынша жоғары кәсіби білім.
2. Мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі немесе сәйкес функционалдық бағыттар бойынша салаларда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
Функционалдық міндеттері:
1) кадрларды таңдау, іріктеу, орналастыру жұмыстарына қатысу.
2) директор бұйрықтарын әзірлеу, келісу, басып шығаруды жүзеге асыру.
3) Филиалдың жеке құрамының есебін жүргізу.
4) Еңбек заңнамасына және Филиалдың ережелері мен бұйрықтарына сәйкес қызметкерлерді қабылау, ауыстыру және жұмыстан босату туралы құжаттарын, сонымен қатар кадрлар бойынша басқа да құжаттарын ресімдеу.
5) Филиал қызметкерлерінің жеке істерін қалыптастыру және жүргізу, оларға еңбек қызметтері бойынша өзгертулер енгізу.
6) қызметкерлердің жұмыс уақытының табелдік есебін жүргізу.
7) қызметкерлердің еңбекке жарамсыз парақтары есебін жүргізу.
8) Филиалда әскери есеп жүргізу
9) тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссияларға қажет материалдарды және қызметкерлерді марапаттау мен наградтау материалдарын белгіленген тәртіпте әзірлеу және өткізу.
10) Филиал бұйрықтарын, еңтек кітапшаларын толтыру, есептеу және сақтау, еңбек стаждары есебін, Филиал қызметкерлеріне еңбек демалыстарын беуді жүргізу.
11) кадр жұмыстары бойынша есептер әзірлеу.
12) кадрлардың біліктілігін даярлау және жоғарлату бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыру.
13) Филиалдың кадрлық резервін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізу.
14) құжаттарды қабылдауды, тіркеуді, жүйелеуді, сақтауды және пайдалануды белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізуді қамтамасыз ету.
15) іс-құжаттарды бекітілген номенклатураға сәйкес қалыптастыру, олардың сақталуын, белгіленген мерзімде ведомстволық архивке өткізілуін қамтамасыз ету.
16) 1С бағдарламасымен жұмыс істеу: берілген құқықтар шегінде Филиалдың бухгалтериясымен (Кадрлық есеп).
17) Корреспонденцияларды қабылдау және тіркеу, оларды құрылымдық бөлімшелерге жөнелтіп отыру.
18) құжаттарды басшылардың қарарларына сәйкес орындауға беру.
19) ұсынылған құқықтарға сәйкес Филиалдың кешенді ведомстводан тыс сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесінде (КВСБАЖ) жұмыс істеу
20) ұсынылған құқықтарға сәйкес Филиалдың азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу-пысықтау бірыңғай платформасында күнара жұмыс істеу.
21) КВСБАЖ-да құжаттардың өту есебін жүргізу, олардың орындалуын бақылау, тіркелген құжаттар бойынша қажетті анықтамалар беру.
22) орындалған құжаттарды мекенжайларға жөнелту.
23) қабылданған және жөнелтілетін корреспонденциялар есебін жүргізу.
24) өтіп жатқан қызметтік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз ету.
25) іс-құжаттарды бекітілген номенклатураға сәйкес қалыптастыру.
26) Филиал директорының тапсырмаларын, бұйрықтарын, өкімдерін мерзімінде орындау.
27) Еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау.
28) Кәсіпорын жарғысында, Филиал туралы ережесінде және Филиалдың ішкі құжаттарында белгіленген басқа да функцияларды атқару.
Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар конкурстық іріктеуге қатысу үшін мына құжаттарды беруі қажет:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш.
2) Түйіндеме.
3) Өз қолымен жазылған өмірбаяны.
4) Білімі туралы құжаттар көшірмелері.
5) Еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, немесе соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау туралы және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардың үзінді көшірмелері.
Ұсынылатын құжаттарға қосымша біліктілік арттыру туралы, ғылыми дәреже және атақ беру туралы құжаттар көшірмелерін, ғылыми еңбектер, сонымен қатар бұрын істеген жұмыс орындарынан ұсынушы хаттар т.б. құжаттарды қоса беруге болады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын электрондық почта мекенжайына электронды түрде: almaty@gosexpertiza.kz, 2022 жылдың 18 сәуірінен бастап 2022 жылдың 22 сәуірін қоса алғандағы мерзімде.
Әңгімелесу өткізу күні 2022 жылғы 25 сәуірден 2022 жылғы 26 сәуірге дейін.
Сұхбаттасу өткізу орны: бейнебайланыстың алыстан байланысу құралдары арқылы өткізіледі, бұл туралы үміткен алдын-ала хабардар етіледі.