Интернет байланысының тұрақтануына байланысты Сіздерге «Порталда және жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасы ақпараттық жүйесінде өтінімдерді берумен және қараумен байланысты рәсімдерді ұзарту туралы» «Мемсараптама» РМК-нің 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» «Мемсараптама» РМК-нің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 15 бұйрығы (көшірмесі қоса беріліп отыр) негізінде
2022 жылғы 17 қаңтардан бастап Портал және жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасы ақпараттық жүйесі арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған өтінімдерді берумен және қараумен байланысты рәсімдердің қайта басталатыны туралы хабарлаймыз.
Осыған байланысты «Мемсараптама» РМК жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама (ТЭН және ЖСҚ) жүргізуге арналған шарттар бойынша орындаушы бола отырып, Сіздің мекенжайыңызға форс-мажорлық жағдайлардың туындауы туралы 06.01.2022 жылғы №01-03-03/0020 хабарламаны жіберу үшін негіз болған форс-мажорлық жағдайлардың аяқталуына байланысты
2022 жылғы 17 қаңтардан бастап сараптамаға жасалған шарттарды орындауды жалғастыруға кірісетінін хабарлайды.
Осы ретте, бірқатар өңірлердегі төтенше жағдай режимін, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайды және өзге де форс-мажорлық жағдайларды ескере отырып, шарттар бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауды жалғастыруға мүмкіндік бермейтін форс-мажорлық оқиғалар туындаған тапсырыс берушілердің «Мемсараптама» РМК-нің тиісті өңірлік құрылымдық бөлімшесіне жүгінуге және «Форс-мажор» деген 3-тарауға сәйкес мұндай жағдайлардың әрекет ету кезеңіне шарттың қолданысын тоқтата тұру туралы келісім жасасуға құқығы бар.
Шарт тараптарында форс-мажорлық жағдайларға байланысты шартты тоқтата тұру туралы өтінішті жіберу мүмкіндігі болмаған жағдайда, өтініш форс-мажорлық жағдайлар аяқталғаннан кейін шарттың тоқтатыла тұру кезеңін куәландыратын келісім жасай отырып жіберілуге тиіс.