«Мемсараптама» РМК-нің бас директоры Қуандық Қажкенов «Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» V халықаралық конференциясына қатысушыларға Қазақстан Республикасындағы жобаларды сараптау саласындағы басты заңнамалық өзгерістердің бірі - бейінді заңға ерекше индустриялық аймақ ұғымын енгізу екенін айтты. Мұндай аймақтар жобаларды сараптауға қатысты арнайы құқықтық режимге ие болады: ерекше аймақтар аумағында іске асырылатын құрылыстың барлық жобалары бейінді мемлекеттік органда аккредитациядан өткен осы аймақтардың басқарушы компанияларында сараптауға жатады.
Сондай-ақ, биылғы жылдың шілде айында Қазақстанда жаңа экологиялық кодекс күшіне енді, оған сәйкес экологиялық сараптама кешенді сараптамадан тыс шығарылды және енді жеке жүргізіледі. Жаңа кодекстің негізіне Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мүше-елдердің тәжірибесі, сондай-ақ халықаралық конвенциялардың регламенттері алынады.
Конференция барысында Ресей Құрылыс министрлігінің басшысы Ирек Файзуллин Қазақстан Республикасының құрылыс кешенінде құрылыс материалдарының бағасын күрт көтеру проблемасын қалай шешкенін сұрады. Қуандық Қажкенов құрылыс материалдары, атап айтқанда, металл конструкциялары бағасының күрт өсуінен көптеген құрылыс компаниялары мұндай жағдайда құрылысты аяқтау мүмкін еместігін және жасалған келісім-шарттардың құнын қайта қарау қажеттігін мәлімдегенін айтты.
«Алайда, құрылыс заңнамасы да, Қазақстан Республикасының нормативтік-техникалық құжаттары да соңғы уақытқа дейін кешенді құрылыс сараптамасына ұсынылатын құжаттамаға сметалық бөлікте ғана өзгерістер енгізуді қарастырмады. Бірақ қалыптасқан жағдайды еңсеру үшін заң әзірленді, оған сәйкес құрылыс материалдарының бағасы 10%-ға өзгерген жағдайда құрылыс компаниясы мен құрылысқа тапсырыс берушісі келісім-шарт сомасын қайта есептеу құқығын алады. Жақын арада бұл заң күшіне енеді», - деп түсіндірді «Мемсараптама» РМК-нің бас директоры.
Бас мемсараптаманың сайтына сілтеме жасай отырып https://gge.ru/press-center/news/v-kazakhstane-sozdayut-osobye-industria...