Жиналыс «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы директорының м.а. А.Г. Хусаиновтың сөз сөйлеуімен басталды. Ол филиал ұжымын алда келе жатқан мерекемен құттықтап, осы жылдары астананың еліміздің тәуелсіздігінің белгісіне айналғаның, Мемлекет басшысы бастамаларының жүзеге асып келе жатқанын, Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдениет орталығына айналғанын атап айтты.
«Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының ұжымы барлық қазақстандықтарды Астана қаласының 20 жылдығымен шын жүректен құттықтайды. Біздің астанамыз барлық әлемді таңғалдырып, әрқашанда гүлдей берсін!