2018 жылғы 25 мамырдағы селектор жиналысының хаттамалық тапсырмасын және әкімшілік ғимараттың дайындығы туралы ақпарат беру қажеттілігі жөнінде 2018 жылғы 1 маусымдағы телефонограмманы орындау мақсатында «Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» және «Өрт-техникалық минимум» тақырыптары бойынша семинарлар жүргізілді.
Семинарды «Тренинг-центр «Timerlan-2011» ЖШС жүргізді.
Семинар 2018 жылғы 23-27 сәуір және 27-28 маусым аралығында өтті.
Семинардың мақсаты:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлерді оқыту және білімдерін тексеру;
2) өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша оқыту және білімін тексеру.
Семинар барысында келесі мәселелер қаралды:
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы;
2) Кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;
3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша құжаттаманың негізгі түрлері;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлерді оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексеру;
5) өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар;
6) ұйымдар мен ғимараттарда және адамдар көп жиналатын үй-жайларда, базалар мен қоймаларда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
7) адамдар көп жиналатын ғимараттар мен үй-жайларда, базалар мен қоймаларда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары;
8) алғашқы өрт сөндіру құралдары, өрт кезіндегі әрекеттер;
9) басқа мәселелер.
Семинар соңында қызметкерлер оқыған тақырыптар бойынша тест тапсырды.