«Мемсараптама» РМК қызметкерлерін кәсіптік оқыту Жоспары шеңберінде және бекітілген кестеге сәйкес 2017 жылғы 26 қазаннан 27 қазанында Алматы қаласында «Мемсараптама» РМК сарапшылары үшін «Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативті-құқықтық актілерді жаңа жағдайларда қолдану» тақырыбында семинар өткізілді.
Осы семинардың мақсаты өрт қауіпсіздігі саласында сарапшы мамандардың кәсіби дағдыларын көтеру болып табылады.
Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:
- өрт қауіпсіздігінің қазіргі нормативтік базасы;
- өрт қауіпсіздігінің талаптары туралы техникалық регламент;
- жобалау құжаттамасының бөлімдерінің құрамы және олардың іске асыруда қойылатын талаптар;
- жобалау-сметалық құжаттама құрамы, техникалық шарттарды әзірлеу, оларды келісу тәртібі;
- нысанды қорғау өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігінің шарттары;
- жобалау, құрылыс және пайдалану кезеңдерінде ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын нормативті талаптардың қағидаттық өзгерістері;
- өрт қауіпсіздігі саласындағы шегінулермен жұмыс тәртібі;
- күрделі құрылыс объектілеріне жобалау құжаттамасын әзірлеу үшін арнайы техникалық шарттар (АТШ);
- ғимараттың конструктивті- жоспарлы шешімдеріне өрт қауіпсіздігінің талаптары;
- өңделген және қапталған материалдардың өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы көптеген басқа да сұрақтар.
Дәріс оқығандар:
Ашмуханов Серик Айжаркинович – «Агентство оценки рисков пожарной безопасности» ЖШС директоры;
Тулегенов Болат Сапабекович – «Агентство оценки рисков пожарной безопасности» ЖШС сарапшысы;
Кокушев Олжас Куанышпаевич – «Global fire protection» ЖШС жобалар басшысы.
Семинар аяғында қатысушыларға сертификаттар берілді. Семинарға «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалынан сарапшы Б.К. Калменов қатысты (2017 жылғы 27 қазандағы №ПБ/17-000049 куәлігі).