2017 жылғы 1 қаңтарда «Мемсараптама» РМК-нің мәжіліс-залында «2017 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер мен толықтыруларға шолу» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға қатысушылар: «Мемсараптама» РМК-нің орталық аппаратының бухгалтерлік есеп және жоспарлау бөлімінің қызметкерлері және филиалдарының бас бухгалтерлері.
Семинар бағдарламасына сәйкес мынадай мәселелер қаралды:
1. 2017 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Салық кодексіне өзгерістер мен толықтыруларға шолу.
2. Электрондық шот-фактураларға көшу тәртібі.
3. «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесімен жұмыс бойынша тәжірибелік мысалдар.
Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар берілді.