Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Үйлер мен ғимараттарды жобалау және салуға арналған Еурокодтарға ұқсас EN ҚР ҚН құрылыс нормаларын қолдану» тақырыбында семинар өткізілді

2016-11-02
«Мемсараптама» РМК-нің 2016 жылға арналған жұмыскерлерді кәсіби оқыту жоспарын орындау мақсатында «Мемсараптама» РМК-нің және оның филиалдарының сарапшыларына арналған «Үйлер мен ғимараттарды жобалау және салуға арналған Еурокодтарға ұқсас EN ҚР ҚН құрылыс нормаларын қолдану» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар Алматы қаласы А. Солодовников көшесі №21 үй КазНИСА. Семинар барысында 58 бөлімнен тұратын барлық он Еурокод қаралды. 1) Құрылысты жобалаудың негіздері; 2) Күш түсетін конструкцияларды жобалау негіздері; 3) Темірбетон конструкцияларын жобалау; 4) Болат конструкцияларын жобалау; 5) Темірбетон конструкцияларын жобалау; 6) Ағаш конструкцияларын жобалау; 7) Тас конструкцияларын жобалау; 8) Гидротехнологиялық жобалау; 9) Сесмикалық конструкцияларды жобалау; 10) Алюминий конструкцияларын жобалау. Сонымен қатар, оларды өтпелі кезеңде қолдану бойынша нұсқаулықтар, Еурокодтарға (EN Eurocodes) ұқсас ұлттық қосымшаларымен және нормативтік-техникалық құралдармен ҚР ҚН EN 1990-1999 Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары оқып танылды.Көлемі елу сағат оқыту семинары өтті. Сабақтарды «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның жетекші ғалымдары– техникалық ғылым докторлары М.С. Абаканов, В.Э. Абсиметов, В.А. Хомяков, техникалық ғылым кандидаттары С.Д. Алдахов, Т.Д. Тулеев, Н.К. Макиш, Н.К. Ицков, оқытушылар Е.В. Кощеев, С.А. Жакишев, А.А. Кравченко өткізді. Семинар:«Ғимараттар мен құрылыстарды жобалауда және салуда Еурокодтарға ұқсас ҚР ЕЖ ЕИ құрылыс нормаларын қолдану» оқыту семинарына 2016 жылғы 24 қазаннан бастап 28 қазанға дейін қатысқаны үшін директор орынбасары И.О. Спатаевқа және өндірістік бөлімінің сарапшылары С.И. Бердибековке сондай-ақ М.А. Қошановқа сертификаттар берілді.