Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемлекеттік рәміздер – Ұлт байлығы»

2015-06-26
«Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалында Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған іс-шара өтті. Бұл мереке әр қазақстандық үшін өз еліне деген отансүйгіштік пен намыстың мерекесі. Рәміздер күнінің негізгі мақсаты - қазақстандық отансүйгіштік пен ұлттың бірлігін нығайту, тәуелсіз Қазақстанның құндылығы мен жетістігін насихаттау. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің беріктігінің негізі. Мемлекеттік рәміздерге – Мемлекеттік Ту, Мемлекетік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран жатады. Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен басталып, мемлекеттік рәміздер туралы бейнебаян көрсетілді. Жинақтау бөлімінің басшысы Башбаева Миргул рәміздердің тарихы туралы баяндама жасап, сөз сөйледі. Баяндамадан соң қазақ тілінде мемлекеттік рәміздерге қатысты жаңа сөздер айтылды. Ұймыдастырылған іс-шараның соңы қызметкерлердің Қазақстан Республикасының әнұранын шырқауымен аяқталды.