Наурыз – жыл басы, жаңарудың белгісі. 2015 жылғы 18 сәуір күні «Мемсараптама» РМК-нің Алматы облысы бойынша филиалында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы атап өтілді. Наурыз көже жасалып, ақ дастархан жайылды. Салт-дәртүр жаңғырып, тәй-тәй басқан сәбидің тұсауы кесілді. Барлық қызметкерлер ұлттық киімде ұлттық мейрамды тойлап өтті. Ақсақалдар ақ батасын беріп, келер ұрпаққа молшылық пен береке тіледі.