Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Медиация, дау-жанжал жағдайларды тиімді шешу тәсілі

2015-04-17
Медиация, дау-жанжал жағдайларды тиімді шешу тәсілі
Медиация, дау-жанжал жағдайларды тиімді шешу тәсілі
2015 жылғы 15-16 сәуірде «Қазақстанда медиацияны ендіру» жобасы аясында Астана қаласында «Мемсараптама» РМК-нің басшылырына арнап дәріскер, Қазақстандық Медиация орталығының халықаралық тіркелімдегі кәсіби медиаторы И.Н. Виговская «Менеджерлерге арналған медиативтік құзырет» тақырыбына тренинг жүргізіп, оған «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры С.О. Лекеров қатысты. Курс мақсаты медиативтік құзыретті пайдалана отырып тыңдаушыларға әлеуметтік-еңбек қарым-қатынаста кездесетін дау-жанжал жағдайларды шешудің тиімді тәсілін таныстыру, медиативтік дағдыға және кәсіби қызметте тіл табысудың тиімді жолын таңдауға үйрету. Дәріскер «Медиация туралы» ҚР Заңының жалпы ережесі, тілдесу дағдысы, оның ішінде вербалды және бейвербалды қатынас жөнінде сөз етіп, «жанжал», «конфликтоген» ұғымдарының мағынасын ашып, жанжалдың түрлерін көрсетті. Тренингтің келесі күні ойын түрінде өтіп, қатысушылар вербалды және бейвербалды түрде тілдесіп, бірігіп шешім қабылдау техникасына, шешендік өнерге және т.б. құштарлығын танытты. Оқу барысында алынған дағдылар қызмет бабында, тапсырыс берушімен тілдесу кезінде қажет етіліп, дау-дамайды реттеуге, қоғамдағы шиеленіс жағдайларды жоюға және екі жақты өзара тиімді және сындарлы шешімге келуге көмектеседі. Қызықты да пайдалы тренингтің ұйымдастырушыларына алғыс білдіре отырып, бұл қатысу алдағы уақытта дау-жанжал жағдайларды шешуде альтернативтік тәсілдер табуымызға жол беретіндігі сөзсіз.