Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2015-06-04 күнінлені Жасырын сыңарлы күрделі терминдерді аудару ревизиясы

2015-04-27
Жасырын сыңарлы күрделі терминдерді аудару
Жасырын сыңарлы күрделі терминдерді аудару
2015 жылға арналған «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Жоспарын орындау аясында, жинақтау бөлімінің жетекші маманы (аудармашы) 2015 жылғы 20-24 сәуір аралығында Алматы қаласында «KAZGOR» Жобалау академиясы «Жасырын сыңарлы күрделі терминдерді аудару» тақырыбына ұйымдастырып өткізген біліктілікті арттыру курсын өтті. Семинарды «KAZGOR» жобалау академиясының бас редактор-аудармашысы, салалық ғылыми-ізденіс зертхана меңгерушісі, «Жазба аударма техникасы» курсының авторы мен жетекшісі Гүлфайруз Иса өткізді. Семинарда күрделі терминдерді аударудың, жасырын сыңарлы ғылыми-техникалық терминдер құрылымының әдістері мен ерекшеліктері, мәтіндерді аудару процесін ұйымдастыру және жылдамдату, аудармашының жұмыс құралы және өзге де аударма қызметі жөніндегі мәселелер талқыланды. Өтілген материал мәтіндер мен нормативтік-техникалық құжаттарды жекелеп және топпен аудару түрінде келген практикалық тапсырмалармен пысықталды. Курс аяқталғаннан кейін қатысушыларға біліктілікті арттыру курсынан өтті жөніндегі Куәліктер берілді. Курс ұйымдастырушыларына тіл білімі мен аударма саласындағы білікті мамандарынан білім алу мүмкіндігі үшін мың да бір алғыс білдіреміз!