2015 жылғы 7 мамырда «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері Владимир Петрович Гусевті Жеңістің 70-жылдығымен құттықтады!
Владимир Петрович Гусев, 1926 жылы туған, екінші Белорус майданында соғысқан, көптеген әскери наградалары бар.
Жеңістің 70-жылдығына арналған қайырымдылық турнирі кезінде жиналған қаражатқа ардагерге барлық қажетті тұрмыстық техника мен азық-түлік алынды.
«Метропроект» ЖШС, «Kazgor» ЖШС, «Pride Print» ЖШС қайырымдылық акциясына белсенді түрде қатысқаны үшін алғыс айтамыз.