Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«ҚХА-20 игі іс» эстафетасының символы «Тайқазан»

2015-04-17
«ҚХА-20 игі іс» эстафетасының символы «Тайқазан»
«ҚХА-20 игі іс» эстафетасының символы «Тайқазан»
«ҚХА-20 игі іс» эстафетасының символы «Тайқазан»
«Мемсараптама» РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері 2015 жылғы 16 сәуірде А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде «ҚХА-20 игі іс» эстафетасының символы «Тайқазан» атты Қостанай облысынан Сыр өңіріне жеткізілген, Сыр өңірінің береке мен бірліктің үлгісіндей бірігіп атқарған қайырымды істерімен көбейген Тайқазанды Қарағанды облысының делегациясына табыстау салтанатты шарасына қатысты. Шараны облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы ашып, өңірімізде атқарылған қайырымды істер туралы айтып өтті және қайырымды істер жиынтығы салынған Киіз үйді Тайқазанға салды. Салтанатты шара көркемөнерпаздар ұжымдарының әртістерінің, сондай-ақ, «Мемсараптама» РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің балаларының қатысуымен қойылған мерекелік концертпен аяқталды. Бірлік пен молшылықтың нышаны болған Тайқазан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тапсырылады.