Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізу, құжаттарды ведомстволық мұрағатқа тапсыру» тақырыбындағы семинар

2014-11-03
«Мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізу, құжаттарды ведомстволық мұрағатқа тапсыру» тақырыбындағы семинар
«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің біліктілігін көтерудің 2014 жылғы жоспары шеңберінде филиалдың жетекші маманы А.М. Баймурзин 2014 жылғы 30-31 қазанда Алматы қаласында «Мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізу, құжаттарды ведомстволық мұрағатқа тапсыру» тақырыбында «ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС ұйымдастырып өткізген семинарға қатысты. Семинар ҚР Ұлттық Банкінің оқытушысы, көптеген оқу құралдарының авторы, «Қазақстанда іс жүргізу» журналының «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» айдарының жүргізушісі – лектор Ш.А. Айтмағанбетованың басшылығымен өтті. Семинар барысында кәсіпорында іс жүргізудің негізгі ұғымдары ашылып, құжаттаудың нормативтік-әдіснамалық базасы, заңнама базасының өзгерістері қаралды, құрылымдық бөлімшелер құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, іс номенклатурасын әзірлеп бекіту, құжаттарды ведомстволық мұрағатқа тапсыру мәселелері және т.б. талқыланды. Сонымен қатар, түрлі құжаттарды мемлекеттік тілде толтыруда практикалық тапсырмалар берілді. Семинар аяқталғаннан кейін, барлық тыңдаушыларға тиісті сертификаттар берілді.