Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Инженерлік құрылымын бақылау жүйелерін, жобалау, монтаждау, пайдалану, қызмет көрсету тәртіптерін қолдану» семинары

2014-11-04
«Инженерлік құрылымын бақылау жүйелерін, жобалау,  монтаждау, пайдалану, қызмет көрсету тәртіптерін  қолдану» семинары
2014 жыл 03 қарашада «Мемсараптама» РМК-да сәулет-жоспарлау және құрылымдаулық сектор жетекшісі және сарапшысы Абельдинов Амангельды Жуматаевич пен Доскенов Серик Жусупбекович «Инженерлік құрылымын бақылау жүйелерін, жобалау, монтаждау, пайдалану, қызмет көрсету тәртіптерін қолдану» тақырыбы бойынша республикалық семинарды тыңдады. (ҚР ҚНжЕ 3.02-05-2010 сәйкес). Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында негізгі мақсаты адамдардың, құрылыс нысандарының, ғимараттар мен имараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құрылым мен имараттардың күйін электрондық бақылау арқылы бұзылуын болдырмау болып табылатын ҚР ҚН 3.02-05-2010 «Ғимараттар мен имараттардың автоматтандырылған мониторинг жүйесі» бар. Семинар өткізудің мақсаты көтергіш құрылымдар және имараттар күйін бақылау жүйесін қолдануының өзгешеліктерін түсіндіру болып табылады. Семинардың баяндамашылары ретінде түрлі салалар үшін зияткерлік өнімдер әзiрлеу, жеткізілім және өндірісімен айналысатын «Tieto Oskari» финдік компания өкілдері сөз сөйледі. Семинардың қорытындысында қатысушыларға серитификаттар берілді.